Маңғыстау мұнайшылары жергілікті шаруаларға 100 мың литр дизель отынын береді
Маңғыстау мұнайшылары жергілікті шаруаларға 100 мың литр дизель отынын береді
Сурет: depositphotos.com
484
оқылды

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қарақия мен Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы саласына қолдау ретінде жыл соңына дейін 100 мың литр дизель отынын көмек ретінде жолдайды, — деп хабарлайды Informburo.kz басылымы.

Ауыл шаруаларын қолдау шарасы шілде айынан басталған. Осы күнге дейін Қарақия ауданына 15 500 литр және Маңғыстау ауданы қажеттіліктеріне 5 мың литр дизель отыны жолданды. Бұл отын қуаңшылық салдарынан пайда болған жем-шөп тапшылығын жоюға жұмсалмақ.
"Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, "Кендірлі-Қаясан" мемлекеттік табиғи қорығы, Темірбаба, Сәрсенбай кен орны, Сайөтес жері мен Ақтөбе облысында жалпы саны 8 шөп орушы бригада қызмет етіп жатыр. Күні бүгінге дейін 2 322 тонна шөп орылып, Қарақия ауданына қарасты Құланды, Жетібай, Мұнайшы, Бостан, Сенек, Құрық және Болашақ ауылдары шаруаларының арасында үлестірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 4 мың тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Бұдан өзге, Қарақия ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастыруымен компания жүк тасымалдаушыларға дизель отынын береді. Компания осылай жол шығынан өтеу арқылы өлкеге сырттан әкелінетін жем-шөп бағасын тұрақтандырмақ. Еске салсақ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының азаматтары қуаңшылықтан қиналған Маңғыстауға 25 вагон жем-шөп жөнелтті.