Нұр-Сұлтандағы ірі көшелердің бірінен автобус жолағы уақытша алынады
Нұр-Сұлтандағы ірі көшелердің бірінен автобус жолағы уақытша алынады
©inform.kz
545
оқылды

Елордадағы 6 қыркүйектен бастап Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алынады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшедегі көліктердің кептелісін болдырмау үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады.
«Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі. Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі Шыңғыс Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау болып саналады. Айта кету керек, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін «Хан Шатыр» СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады», - делінген хабарламада.