Азық-түлік сататындар үшін жалдау ақысы төмендейді – Үкімет басшысы
Азық-түлік сататындар үшін жалдау ақысы төмендейді – Үкімет басшысы
Фото: www.uralskweek.kz
318
оқылды

Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты.

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағаны тұрақтандыру үшін арнайы жобаны жүзеге асырады.

«Үкімет Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі. Біріншіден, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шешім қабылданады. Жеңілдікпен несие пен субсидия беру мәселесі шешіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі», – деді Асқар Мамин.

Бұған дейін Президент Үкіметке азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша тапсырма берген болатын.