Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда 21 шаруашылықта 5 жарым миллион гектардан астам жер бар.
«Бұл көрсеткіш межеден өте көп. Егер ол жер игерілмей жатса, кері қайтару керек. Сол үшін ғарыштан бақылау арқылы жердің игерілгеніне мониторинг жасалуы тиіс», – деді сенатор.
Сондықтан депутат жер мәселесінің мән-жайын анықтап, оны шешуді талап етті.