Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды
Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат қалалардың рейтингі жарияланды
©А.Ахметқазы
456
оқылды

Еуропада тұру үшін ең қымбат қала Цюрих болды. Британиялық Сheaprooms брондау порталының жақында жүргізген зерттеуі Еуропаның ең қымбат қалаларын анықтады. Мамандар қалалардағы тұру бағасын салыстырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Әдетте, Еуропада қыркүйекте қонақүйде тәулігіне тұру бағасы қымбаттайды. Сондықтан зерттеушілер 2021 жылдың қыркүйегіндегі Еуропаның 40 қаласындағы бағаларды қарастырды. Зерттеуге қала орталығында орналасқан 3*, 4* және 5 жұлдызды қонақүйлер ғана кірді. Жұлдыздық индикаторға, орталыққа жақын болуы және бір төсек орналасқан бөлмеде тәулігіне тұру бағасына сүйене отырып, қыркүйектегі еуропалық 40 қаланың рейтингі мынадай: Цюрих, Швейцария - 67 000 теңге. Гамбург, Германия - 56 000 теңге. Милан, Италия - 54 500 теңге. Рейкьявик, Исландия - 53 800 теңге Копенгаген, Дания - 49 000 теңге. Бордо, Франция - 48 500 теңге. Амстердам, Нидерланды - 46 500 теңге. Париж, Франция – 46 000 теңге. Лондон, Ұлыбритания - 45 500 теңге. Хельсинки, Финляндия - 45 500 теңге.