10 банк картамен бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынып отыр
10 банк картамен бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынып отыр
One hundred dollar banknotes pattern background
615
оқылды

Бүгінгі таңда банктер әртүрлі, соның ішінде көп қызметті карталар ұсынады. Олардың ішінде көбісі таңдайтыны – бөліп төлеуге арналған карталар, — деп хабарлады Informburo.kz басылымы. 

Республика бойынша, 10 банк бөліп төлеуге арналған карта ұсынып отыр. Сондай-ақ, екінші деңгейлі 9 банктің картасын тек Қазақстанда емес, шетелде де қолдануға болады. Соның ішінде 8 банк бөліп төлеу картасын несие картасы секілді қолданып, одан ақша шешіп алуға мүмкіндік береді. Тек 5 екінші деңгейлі банкте ешқандай комиссиясыз онлайн және әлем бойынша бөліп төлеу мүмкіндігін бар:
  • 3 айға дейін бөліп төлеу – ForteBank, Сбербанк, Jusan Bank және Altyn Bank;
  • 6 айға дейін бөліп төлеу – Альфа-Банк.
ForteBank бөліп төлеу картасын керектіні сатып алған соң барып рәсімдеуге рұқсат береді. Карта бойынша ForteBank, Jusan Bank және Altyn Bank қана тегін қызмет ұсынады. Осы үштік ішінде бір банк қана картаны толықтай әмбебап етіп жасаған: ForteBank ұсынған ForteBlack картасын әдеттегі дебюттік карта секілді пайдаланып, Қазақстан ішінде кез келген картаға 1 миллион теңгеге дейін, сондай-ақ, әлем бойынша 500 мың теңгені комиссиясыз аударуға болады. Тек 3 ЕДБ серіктестер үшін үстіне ақша қоспай, бөліп төлеуге мүмкіндік береді: Еуразиялық Банк, Halyk Bank және Банк ЦентрКредит. Соңғысынікін дебеттік карта ретінде пайдалана аласыз. Бұл банктерде картамен төлем жасаған соң, ақшаны 3 айдан бастап 12 айға дейін үстіне ақша қоспай қайтаруға болады. Бірақ серіктес ретінде Банк ЦентрКредит пен Halyk Bank клиенттері айына – 1%, Еуразиялық Банк айына 1 мың теңге немесе лимитке байланысты 2 мыңнан бастап 5 мың теңгеге дейін төлейді. Бір банк – Kaspi Bank – өзінің серіктестерінің өнімдерін сатып алған кезде ғана бөліп төлеуге рұқсат береді. Сондай-ақ, тағы бір екінші деңгейлі банк Хоум Кредитте бөліп төлеу құны нақты көрсетілмеген. ForteBank пен Jusan Bank клиенттеріне өзіне ұнайтын санатты таңдап, ең көп дегенде 15% бонус береді. ForteBank картасы бойынша, серіктестер желісінде 30%-ға дейін бонус қарастырылған. Осы жылдың бірінші жарты жылдығының мәліметінше, елде 54 млн. төлем картасы бар. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6%, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34,4% көп. Қазір республикадағы әрбір төртіншісі – несие картасы. Ал олардың саны 14 миллионнан асты. Бұл өткен жылға қарағанда 2 есе көп. Тағы 38,6 млн. карта – дебеттік, олардың саны 21,9% өсті.