Петропавлда 12 жастағы қызды әкесінің көз алдында жүк көлігі қағып кетті
Петропавлда 12 жастағы қызды әкесінің көз алдында жүк көлігі қағып кетті
Фото: kaz.nur.kz
322
оқылды

Жүк көлігінің астында қалған қыз оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Оқиға таңертең Бескөл кенті маңында болды. Әуежай жақтан шыққан велоспорт мектебінің бес спортшысы үйреншікті бағытпен келе жатқан. Спортшыларды бастаған жаттықтырушы «Газель» көлігімен алда жүріпті. Ал «КамАЗ» спортшылармен бір бағытта келе жатқан. Қалай болғаны белгісіз, 12 жастағы қыз жүк көлігінің  астына түсіп кеткен. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Жол бастап жүрген жаттықтырушы қайтыс болған қыздың әкесі екен.

СҚО ПД аға инспекторы Баян Байғаскина: «Оқиға орнына Қызылжар ауданының жедел тергеу тобы шыққан. Аталған факті ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізімдемесіне енгізілген. Барлық қажет сараптама тағайындалды», – деді.

Бұған дейін балаларының көз алдында көлік қағып кеткен келіншек туралы жазған болатынбыз.