«Кедергісіз келешек»: Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернаты колледж мәртебесін алды
«Кедергісіз келешек»: Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернаты колледж мәртебесін алды
896
оқылды

Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биыл жыл соңына дейін аяқталады. Алғашында балалар үйі болып құрылып, кейіннен көмекші мектеп-интернат қызметіне көшкен нысан енді «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бүгінде Шымкент қаласының білім басқармасына қарайтын колледждегі құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған. Мұнда оқу ғимаратынан бөлек 100 орынға лайықталған асхана, акт және спорт зал, ағаш өңдеу сондай-ақ, тігін шеберханасы бар. Жаңа ғимараттың ауданы – 3,5 га. Мұнда алма, өрік, алхоры сынды жеміс ағаштары отырғызылған бау-бақшамен көгалдандырылған.    width= Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мектеп-интернат-колледжін тәмамдаған соң, таңдаған мамандықтарының бірі бойынша диплом алып шығады. Бұл білім мекемесі Қазақстанда тұңғыш рет көмекші мектеп-колледж мәртебесін алды. Нысан құрылысы Nur Otan партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асырудың кешенді жоспарына енді. Еске сала кетсек, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін ел көлемінде 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында Мамандықтар атласы жасалады. 2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30%-ке дейін өседі.

Мүгедектігі бар балалар үшін кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге кезегінің үзілмеуі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға қарай мүгедектігі бар мұқтаж адамдар 100% қажетті техникалық құралдармен және бейімдеу қызметтерімен қамтамасыз етіледі.