Балаларға арналған спорт секциялары ашылды
Балаларға арналған спорт секциялары ашылды

«Жастар» спорт кешенінде ерекше күтімге мұқтаж балаларға арналған «Бочча» және «Адаптивті жүзу» спорт  түрлерінен секциялар ашылып, ашық мастер-класс өткізілді. Секциялар «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы, «Nur Otan»  партиясының «Кедергісіз келешек» жобалары аясында ашылды.

Ашылу салтанатына «Тең мүмкіндік­тер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ди­рек­торы Нұргүл Ұлжекова, облыстық Спорт және дене шынықтыру басқарма бас­шысының орынбасары Алмат Үш­кем­піров, облыстық мүгедек балаларға ар­налған спорт мектебі директоры Ерлан Бақ­тыбаев пен «Nur Otan» партиясы Ал­маты облыстық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева қа­тысты. Бочча – мүгедектерге физикалық қа­бі­леттерін дамытуға, ептілікке, дәлдікке, тө­зімділікке, қозғалыстарды үйлестіруге жә­не қоғамда әлеуметтенуге көмектесетін пара­лимпиадалық доп ойыны. Адаптивті жүзу секциясының ерекшелігі – түрлі тип­тегі мүгедектігі бар балалар тобының, сон­дай -ақ нормотипті балалардың құра­мын құрудағы интеграцияланған тәсіл. «Nur Otan» партиясының «Жол кар­тасында» инклюзивті білім беру, бұ­қара­лық спортты дамыту мәселесі қолға алын­ды. Партияның бастамасымен инф­ра­құрылымдардың мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5 жылға 1 294 нысанға бейімделу жұ­мыстары жүргізілмек. Осы жылы 258 ны­санға бейімделу жұмыстарын жүргізу жос­парлануда. Оның ішінде 145 нысанға 141,4 млн теңге көлемінде қаражат бө­лін­ді. Талдықорған балалардың бейімделе­тін спорттың дамуына қолдау көрсеткен он үшінші қала болды. Алдағы уақытта ашылған секцияларда ерекше күтімге мұқ­таж 20 бала тегін спортпен айна­лы­сатын болады. Оларға қоғамдық қордың ұйымдастыруымен 2 жаттықтырушы ар­найы оқыту әдістемесі негізінде, де­меу­шілердің көмегімен алынған спорт­тық құралдармен жаттығуға жәрдемде­седі. Ресми ашылуы аяқталған соң партия бас­шылығы, қоғамдық бірлестік пен об­лыстық Спорт басқармасы арасында өзара келісім жөнінде меморандумға қол қойылды. Салтанатты ашылу «ерекше» бүлдіршіндердің алғашқы бочча сайы­сы­мен және партия тарапынан естелік сый­лықтарымен жалғасты. Қуанышты жас спортшылар естелікке суретке түсті.

Әбілмансұр ЖАСАН