Тоқаев «Айқын» газетінде жазылған мәселені тексеруді тапсырды
Тоқаев «Айқын» газетінде жазылған мәселені тексеруді тапсырды
Фото: kznews.kz
476
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», – деп жазды Берік Уәли.

«Айқын» газетінің бүгінгі №141 (3998) санында «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарық көрген болатын.