Алматыда 5 адамды атып өлтірген ер адам сотта мәлімдеме жасады
Алматыда 5 адамды атып өлтірген ер адам сотта мәлімдеме жасады
© inbusiness.kz
337
оқылды

Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адам сот санкциясымен 2 айға  қамауға алынып, тергеу изоляторына жіберілді.

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Игорь Дужновқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы отырыс өтті. Сот отырысында прокурор Дужновтың аса ауыр қылмыс жасауына байланысты оның 15-20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.
"Бостандықта жүрсе, ол жасырынуы мүмкін немесе тергеуге кедергі келтіруі мүмкін", – деді прокурор.
Күдіктінің қорғаушылары оны үйқамаққа жіберуді сұрады. Сот отырысы кезінде Дужновтың өзі де мәлімдеме жасады. Ол ісіне өкінетінін айтты.
"Құрметті сот, мен істеген ісіме қатты өкінемін. Алайда заңсыздық және соттың шешімі, сот орындаушының заңсыз әрекеттері мені осы жағдайға жеткізді. Өз үйімді, отбасымды, баларымды қорғаймын деп ашу үстінде не істеп, не қойғанымды өзім түсінбей қалдым. Қазір өкінемін. Құрметті сот, ары қарай мен жауап беруден бас тартамын, ештеңе айта алмаймын, жағдайым қазір жаман", – деді ол.
Судья Жанәбіл Ақынов одан оған кім қысым көрсеткенін, қандай жағдайда денесі көгергені туралы сұрады. Дужновтың көзінің асты көгеріп тұрды.
"Есімде жоқ, айта алмаймын", – деді Дужнов.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемегенін жазған болатынбыз.