Астанадан Ыстамбұлға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл жерге қонды
Астанадан Ыстамбұлға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл жерге қонды
Фото: samolety.org
235
оқылды

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше кешке астанадан Ыстамбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Ұшақтың жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Бірақ мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ. Жолаушылар ұшағында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.