Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында ҚХР Үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде алдын алу және бақылау шараларын күшейтті, – деп хабарлайды railways.kz.
15 тамыздан бастап Алашанькоу станциясында (ҚХР) Covid-19 індетінің жаңаша қарқын алуына байланысты Қытай тарапы тек контейнерлік пойыздарды қабылдап, Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша өтетін жүктерге басымдық бере отырып, пойыздарды қабылдауды/жөнелтуді шектеді.
Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп осы мәселені шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдауда:
жүктердің 80%-ын Алтынкөл-Қорғас станциясына қайта бағыттау;
контейнерлік жүктер үлесінің артуы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және Үрімші теміржолы басшылығы деңгейінде апта сайынғы кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізу.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Үрімші темір жолының басшылығы қазіргі уақытта осы мәселе бойынша жергілікті Үкіметпен жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді. ТЖБ шектеулерін алып тастаған жағдайда штаттық жұмыс режиміне көшуге дайын.
8 айдың қорытындысы бойынша, ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 14,4 млн тоннаны құрап, 2%-ға артты, оның ішінде контейнерлік тасымал – 579 мың ЖФЭ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артты.
Жағдай ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.