Сәтпаевта 41 жастағы фермерді өз үйінің ауласында өлтіріп кетті, – деп хабарлады Qumash Телеграм-каналы. Оқиға 20 тамызға қараған түні болған. Фермерді киллер атып кеткен. Бауыржан Жақыпов үйінің қақпасын жауып жатқанда қара киім киген белгісіз адам келген. Ол қарулы адамнан қақпа артына тығылып, кейін үйіне қарай тұра жүгірген. Қарулы қылмыскер оны қуып жетіп, атып өлтірді. 6 рет атып, кейін кеудесі мен мойынына пышақ салды. Бір нұсқа бойынша бұны қылмыстық топ істеген. Алайда туыстарының айтуынша, Бауыржан ешкіммен ұрыспаған, байсалды адам болған. Фермердің достары оны атып өлтірген адамды немесе тапсырыспен өлтірткен адам туралы полицияға хабарлаған адамға ақшалай сыйлық беретіндерін айтады. 102-ге хабарлауды сұрайды.