Ақтау қаласында жолдың дәл ортасында отырған ақ киімді қызды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видео Instagram-дағы podslushano_aktau парақшасында жарияланды.
Видеодан қыздың жолдың қақ ортасында тапжылмай отырғанын көруге болады. Жүргізушілер оны айналып өтіп жатыр.
Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 21 қыркүйекте болған.
"Жолда отырған қызды патрульдік экипаж да байқаған. Қыз жол ортасында өзін нашар сезінгендіктен отырғанын айтқан. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, қыз облыстық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі inAktau жергілікті басылымына.