"Мен қазақ болғанымда...". Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тарихи жеңіске қатысты пікір білдірді
"Мен қазақ болғанымда...". Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тарихи жеңіске қатысты пікір білдірді
©ҚФФ
333
оқылды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының ширек финалында ұлттық командамыздың Иранды ұтуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мұндай футболшылармен кез келген адам бапкер бола алады. Бұл - толықтай жігіттердің еңбегі. Ел олардың ісін, жеңісті мақтан тұту керек деп ойлаймын. Олар осы ойында өздерін аямады. Бұл - тамаша. Мен қазақ болғанда, мұндай адамдарды мақтан тұтарым хақ. Олар нағыз ерлер", - дейді Кака матчтен кейін.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтағанын жазған болатынбыз.