Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі Анаид Демирчян өздерін үйден шығаруға қатысты ойын айтты, - деп жазады Orda.kz.
– Бәрін уақыт көрсетеді. Келіп көрсін! Мені қорқыта алмайды. Олар адамдарды қорқытады. Ешуақытта өздеріңізді бос ұстамаңыздар. Қорықсаңыздар, сіздерден бәрін тартып алады. Осының бәрі банктен басталды, – дейді Демирчян.
Сонымен қатар ол қаза тапқан 5 адамды жерлеу қызметтерін ЦентрКредит банкі төледі деген ақпарат бар екенін айтты.
– Банк сатып алушысының немесе сот орындаушысының бұған қандай қатысы бар? – деп сұрақ қойды Демирчян.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйі кімге берілетінін жазған болатынбыз.