Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов еңбек дауын азайту мәселесін айтты.
Оның айтуынша, Маңғыстауда 11 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Жалдамалы жұмысшылардың саны – 291 мың адам. Орташа жалақы – 353 мың теңге. Аутстаффинг бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар тексерілді. Осындай 44 кәсіпорында 25 мың жұмысшы еңбек етеді. Биыл облыста 22 еңбек дауы тіркелді.
Жұмысшылардың негізгі талабы – мұнай өнімдерін тасымалдайтын сервистік кәсіпорындардағы жалақы мөлшерін көбейту.
Бұл мәселені шешу үшін министрлік «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, мердігерге берілетін тапсырыс көлемін 25 пайыздан аспайтын мөлшерде шектеу, конкурсқа қатысатын компанияларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту, конкурс өткізу кезінде жоғары жалақы төлейтін фирмаларға қосымша жеңілдіктер беруді қарастырмақ.
Министрдің пайымдауынша, жаңа талаптар еңбек дауын 20 пайызға азайтуға септігін тигізеді.