Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Фото: akorda.kz
226
оқылды
«Ақорданың» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде, интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.