Жастар жалғызбасты анаға баспана сыйлады
Жастар жалғызбасты анаға баспана сыйлады
270
оқылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жанкент ауылының тұрғыны Қарлыға Матованың мүмкіндігі шектеулі ұлы, келіні және немересі бар.

Олар көп жылдан бері баспанаға мұқтаж. Жастар жиналып, «Қарекет» қайырымдылық қоры арқылы жалғызбасты анаға аудан орталығы – Әйтеке би кентінен жаңа баспана сыйлады. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ерікті жастардың игі бастамасына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Жаңа баспанаға қол жеткізген Қарлыға Матова қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Бұған дейін көпбалалы отбасыға үй сыйлаған түлектер туралы жазған болатынбыз.