Жол картасындағы міндеттер пысықталды
Жол картасындағы міндеттер пысықталды
748
оқылды

«Nur Otan» партиясының Тараз қалалық филиалында «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасын іске асыру жө­нінде жиналыс өтті. Мұнда аталған бағдарлама аясында Жол картасы міндеттерінің орын­далу жайы талқыланды.

Қалада Жол картасы бойынша 2025 жылға дейін 107 іс-шараны, оның ішінде 2021 жылы 86 жоба­ны жүзеге асыру көзделген. Есеп­ті кезеңде 2021 жылға бекітілген іс-шараның 35-і орындалды. Сайлауалды бағдарламада жос­­парланған міндеттердің орын­­­далуы жөніндегі мәселелер қала әкімінің төрағалығымен өт­кізілген жиналыста – 4, қа­ла­лық жобалық топтың оты­ры­сында – 2 және «Nur Otan» пар­тиясы фи­лиалы жа­нындағы Қоғамдық кеңес оты­рысында 4 рет қаралды. «Nur Otan» партиясының бренд­­телетін нысандар тізіміне 6 нысан енгізілген. Қазір құрылыс жұ­­мысы аяқталған 2 нысанға бренд­­теу тақтайшасы ілінді. Талқылау барысында Жол кар­тасы көрсеткіштерінің орын­далуы бойынша кәсіпкерлік, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық және жұмыспен қамту, бі­лім, тұрғын үй қатынастары са­­ла­лары бас­шы­ларының есеп­тері тыңдалды. Жиын соңында Жол картасы көрсеткіштерін орындау мақ­са­тында тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берілді.

Дәулет АСАУ