Денсаулық мәселелері талқыланды
Денсаулық мәселелері талқыланды
571
оқылды

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Ұлт ден­саулығы мәсе­лелері» жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиынға «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгул Оралғазықызы және «Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша» өңірлік Қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты. Ал қоғамдық кеңестің аудандық, қалалық бөлімдерінің мүшелері және денсаулық сақтау саласының өкілдері оған онлайн режимде қосылды. Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгеріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол карта­сы­ның және өңірлік Қоғамдық ке­ңестің 2021 жылғы 28 маусым­да­ғы отырысының №2 хаттама­сы­ның 1-тармағын орындау бойынша мәселе қойылып, оған жауапты мамандардың есептері тыңдалды. «Біз Жол картасында нақты көрсетілген, бірақ орындалу мер­зімінен кешіктіріліп жатқан ин­дикаторларды назарда ұстауымыз керек. Оның жүзеге асырылуына жауапты мемлекеттік мекеме­лер­мен бірлесіп мәсе­ленің шешілуін қолға алуымыз қажет. Қо­ғамдық кеңестер оны жіті бақылауында ұстауы тиіс», – деді «Ұлт денсау­лығы мә­селелері» жөніндегі об­лыс­тық Қоғамдық кеңестің төра­ғасы Сергей Попов. Жалпы, қазір «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдарла­ма­сының «Әлеуметтік бағдарлан­ған өңір» бағыты бойынша жос­пар­­ланған үш денсаулық сақтау ны­санының құрылысы аяқталған. Семей қаласында «Ядролық ме­дицина орталығы» пайдалануға берілді, Өскемен қаласында об­лыс­тық он­ко­логия және хирургия орталығының Мам­мо­логия және гинекология реанимациясы бө­лімшесінің операциялық блогын жаң­ғырту аяқталды. 6 ауылдың ме­дициналық, фельдшерлік-аку­шерлік пункттеріне күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәулет АСАУ