Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері бір жылда 12,7% өсті
Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері бір жылда 12,7% өсті
One hundred dollar banknotes pattern background
171
оқылды
Ер жасөспірімдердің ең төмен күнкөріс деңгейі қыз балаларға қарағанда 30% көп. Мұнымен қатар, оларға азық-түліктен бөлек, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге көбірек ақша қажет, – деп хабарлайды Informburo.kz сайты. Қыркүйек айында жан басына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 40,2 мың теңгені құрады. Олардың ішінде 22,1 мың теңге – азық-түлік тауарларына жұмсалды, 18,1 мың теңгеге азық-түлік емес тауарлар мен әртүрлі қызмет түрін сатып алды. Өткен айға қарағанда ең төмен күнкөріс деңгейі 1,3% қысқарды, бірақ 2020 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 12,7% өсті. Жыл басынан бері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 2,3% қысқарды. Ең төмен күнкөріс деңгейі келесі өңірлерде бәрінен жоғары:
  • Маңғыстау облысы – 47,4 мың теңге;
  • Нұр-Сұлтанда – 44,1 мың теңге;
  • Алматыда – 43,7 мың теңге.
Ал ең көп өсім келесі өңірлерде байқалды:
  • Павлодар облысы – 21,7%;
  • Жамбыл облысы – 17,1%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 15,8%.
Әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ЕТКД келесі жастағыларда аз:
  • 13 жастағы жасөспірімдер – 35,3 мың теңге;
  • 14-17 жастағы ұл жасөспірімдер – 50,1 мың теңге, бұл осы жастағы қыздарға қарағанда 30,5% көп; 14-17 жастағы қыз жасөспірімдерде – 38,4 мың теңге.
Жұмыс істеуге қабілетті ер адамдардың ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері әйелдерге қарағанда көп – 43,7 мың теңге, ал нәзік жандыларда – 37,5 мың теңге. Зейнетақы жасындағы азаматтарда ең төмен күнкөріс деңгейі 37,2 мың теңгені құрады.