Алматы полициясы жылқыларды күрек, таяқпен ұрғандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жақында желіде белгісіз біреулердің жылқыны жүк көлігіне күшпен мінгізуге тырысып жатқаны туралы видео тарады.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл іс бойынша бүкіл айыпталушылардың (бес негізгі күдікті) анықталғанын хабарлады.
Олардың қатысуымен қажетті тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
«5 қазанда Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері (жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша Алматы Полиция департаменті іс қозғады. Қазір ол іс қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының өндірісінде. Тергеу жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша ақпараттық хабарлама дайын болады», - деп жазды өзінің Instagram парақшасында Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.