Актер видео жариялап, оқиға қалай болғанын айтып берді.
"Боқтағаным рас...":  актер Асқар Жұмабек не үшін қызбен жанжалдасқанын айтты (видео)
Фото: instagram.com/ askarzhumabeqov
180
оқылды

Актер Асқар Жұмабек өзіне қатысты тараған ақпаратқа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер видео жариялап, оқиға қалай болғанын айтып берді.

"Конфликт болғаны рас, боқтағаным рас. Бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей қала алмаймын, табиғатым сондай! «Мені оятып жіберші» дегенім, менің өтінішім болған еді! Ақтап алу, даттап алу сіздердің қолдарыңызда ғой әрқашанда. Мен де адам баласымын, жеке ол қызға ешқандай бір жаман ойым, жаман ниетім жоқ. Бір Аллаға тапсырдым", - деді ол. 

Ал жәбірленуші қыздың  айтуынша, оқиға 20 наурыз күні таңертең түсірілім алдында болған. Ол актер бұған дейін бірнеше рет түсірілімге кешігіп, кейде мүлде келмей қалғанын айтып, сол күні оны ертерек оятуды сұрағанын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.