Күшікті құтқарған өрт сөндіруші елдің алғысын алды
Күшікті құтқарған өрт сөндіруші елдің алғысын алды
Фото: Ақтөбе ТЖД-нен алынды
261
оқылды

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жер үйде шыққан өртті сөндіруге барған.

№5 қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Наурызбай Халилаев: «Өртті сөндіріп жатып, күшікті таптық. Өртенген нысанда адам болған жоқ. Күшік түтінге тұншықпаған», – деді.

Ол күшікті дер кезінде құтқарып қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған фотоны көрген көпшілік өрт сөндірушіге алғыс айтты.