Абай ауданында банан өседі
Абай ауданында банан өседі
331
оқылды

Жері негізінен шөлейтті саналатын Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылындағы мектептің жылыжайында тропикалық жемістер өсірілуде.

Қымызымен танымал ауданға банан, анар, лимон мен мандаринді осыдан бес жыл бұрын мектеп директорының өзі әкеліп, отырғыз­ған екен. Бастапқы екі жылда кө­шет­тер мектеп дәлізінде тұрған­дықтан, өсімі баяулағанымен, кейін жылыжайға ауыстырғаннан соң біртіндеп өнім бере бастапты. «Алғаш әкелген кезде банан үш-төрт жылда жеміс береді дегенге сенбегенбіз. Енді көзіміз жетті. Бұл өсімдіктерге ең бастысы жылу керек. Жапырағы жайылып өсетін банан ағашына болашақта арнайы, бөлек орын қажет», – дейді мектеп директоры Анар Сәдібекова.
Мектеп басшылығы алдағы уа­қытта жылыжайды ұлғайтуды жос­парлап отыр. Себебі мұнда тро­пикалық жемістермен қатар раушан гүлі мен қияр да өседі.

Азамат ҚАСЫМ, Шығыс Қазақстан облысы