Жұлдыздар елден неге көшіп жатыр?
Жұлдыздар елден неге көшіп жатыр?
©А.Ахметқазы
679
оқылды

Танымал актриса, продюсер Әсел Садуақасова өзінің Мәскеуге қоныс аударғанын хабарлады. Ол бұл жайында Instagram парашасында жариялады.

[caption id="attachment_166463" align="alignnone" width="1024"]жұлдыздар ©tengrinews.kz[/caption]

– Шыны керек, әрқашан Мәскеуде тұруды армандайтынмын. Әу баста жұмысым болды, ол кезде өзге елге көшу жайында сөз де болмады. Содан кейін тығыз қарым-қатынасым болды, артынан кино саласына келіп, өзімді көрсеткім келді. Сөйтіп жүргенде карантин басталып, күнделікті күйбең тірлікпен жүрдік. Жүрегімнің түбіндегі сол бір арманымды ұмытқан емеспін. Бірақ соны орындау үшін ештеңе істемедім. «Ештен кеш жақсы» емес пе? Өзімді тану үшін қандай да бір өзгеріс керек болды. Өзге елге көшу – өзіме сын, тәжірибе болар. Аяқасты көшуге бел буып, бір жұмада жиналып, көшіп кеттім, – дейді Әсел Садуақасова.

Айтуынша, әзірге көздеген мақсаты, қандай да бір жоспары жоқ. Оның бар арманы – бақытты болу. «Мұны біреуге бірдеңені дәлелдеу үшін жасағаным жоқ. Жаным не қалайды, сонымен айналысқым келеді. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Күш-жігерім тасып, қайнап тұрған шақ. Қорықпай, өмірдің әр сәтінен ләззат ала білу керек» деді ол. Естеріңізде болса, Әсел 2002-2013 жылдары Dauys International тобының мүшесі болды. 2010 жылдардың ортасында ол әншілік мансабын тастап, актриса мен продюсер ретінде киноиндустрияда бағын сынады. «Шегіртке», «Сталинге сыйлық»,  «Жұлдызға арналған коктейль» және «Келін де адам» секілді киноларға түскен болатын. [caption id="attachment_166465" align="alignnone" width="1024"]жұлдыздар ©alashainasy.kz[/caption] Жалпы, елімізде танымал тұлғалардың өзге елге көшуі – таңсық емес. Соның бірі – Джамба лақап атымен белгілі қазақстандық әнші Жәмила Хан. Ол отбасымен Солтүстік Кипрге көшкен. «Біз теңіз жағасында өмір сүруді шештік, жоспарлар көп, әзірге жаңа елге үйренісуіміз қажет» деген болатын. Оның сөзінше, әншінің өзге елге көшуіне отбасылық жайдайы әсер еткен.

– Әкем қайтыс болғаннан кейін отбасым қиын жағдайды бастан өткерді. Жеке өмірімде де оңай болған жоқ. Жұбайыммен ажырастым. Осының бәрі маған ауыр тиді. Алайда, алға ұмтылуыма, дамуыма мотивация беретін ұлым бар. Оған ең жақсыны ұсынғым келеді. Сондықтан көшуге бел будым. Көп адам тек шетелге шығарда ғана білді. Шынымды айтсам, өте қуаныштымын. Бәрі жақсы болатынына сенеміз. Мен кез келген нәрсемен айналыса аламын: шаралар ұйымдастыруда, рәсімдеуде тәжірибем бар, сән салоным бар, бет әрлеуші курсы, ән айтамын, би билей аламын. Осы қабілетімнің бәрі жаңа орында пайдасы тиеді, – деген әнші Қазақстаннан былтыр көшіп кеткен.

Джамба «Ғашық жүрек» фильміне түсіп, танымалдылыққа ие болған еді. [caption id="attachment_166467" align="alignnone" width="1024"]жұлдыздар ©wikipedia.org[/caption] Алғашында Ресейде тұрақтаған Джа Калиб болса, таяуда ғана Украинаға көшіп кеткен-ді. Музыкант шығармашылығын шыңдауға Киев қаласын қолайлы деп санайды.

– Иә, мен Киевке көшіп кеттім. Себебі ол жақта жұмыс істеуіме барлық жағдай жасалған. Талантты музыканттар жетерлік, – дейді ол.

[caption id="attachment_166468" align="alignnone" width="1024"]жұлдыздар ©time.kz[/caption] Бүгінде Бахтияр жаңа тректер жазып, тыңдарманына тосынсый әзірлеп жатқан көрінеді. Карантин кезі, осылайша Джа Калиб үшін пайдалы өтті. Жастар арасында кеңінен танылған тағы бір рэпер Кали де уақытша шетелде тұруға бел буды. Нью-скул әншінің Мәскеуге қоныс аударғанына екі жылдан асты.

– Мәскеуге көшу – менің шешімім. Өзім ғана емес, барлық шығармашылық ұжымымды да қоныс аударуға көндірдім. Себебі, өнер адамына, әсіресе рэперлерге Ресейде мүмкіндік өте көп және шектеу жоқ, – деген Кали ол жақта біраз әншінің жүргенін меңзеді. Мәселен, Dequin, The Limba, Mdee секілді жас әншілер қазір Ресейде жүр. Тіпті, Mdee-ге Скриптониттің өзі ағалық қамқор көрсетіп, қарамағына алған. Мәди Тоқтаров – енді Әділ Жалелов ашқан «Группа Скриптонит» лейблымен келісімшарт иесі.

Ал Скриптонит – Ресейдегі ең танымал қазақстандық рэп орындаушысы. 2014 жылы Gazgolder резиденті атанды, кейін Musica36 жеке тәуелсіз лейблының негізін салды. Бүгінде Скриптониттің көптеген туындылары Ресейдің барлық клубтарында, көше мен жастардың телефондарында ойнап жатады. [caption id="attachment_166469" align="alignnone" width="1024"]жұлдыздар ©melap.ru[/caption] «Песни» шоуынан кейін Ресейде және ТМД елдерінде танымалдылыққа ие болған Назима Шымкенттің тумасы. Қазір ол да Мәскеуде тұрады. Жобада төртінші орын алған орындаушы Black Star лейблымен келісімшартқа отырды. Орыстілді тыңдармандары мен жанкүйерлері жетерлік. Бірақ әншінің ет жақындары мен қызы Амелия Қазақстанда тұрып жатыр.

– Меніңше, бұл - уақыт мәселесі. Әрбір өнер адамды шетелге барып, өзінің бағын сынап көруді қалайды. Себебі даму керек, – дейді ол.

Жалпы, биылдың өзінде алты айда Қазақстаннан 14 мыңнан астам адам көшіп кеткен. Олар Ресей, Германия, Польша, Беларусь пен Израильге қоныс аударған. Кейінгі бес жылда, әсіресе 2019 жылы көш белсенді болған. Сол кезде 45 мыңнан астам адам шетелге көшіп кетіпті. Соңғы кездері әсіресе Түркияға қоныс аударып, тіпті жарысып сол жақтан баспана алып жатқандар жетерлік. Басқа елден жылжымайтын мүлік сатып алуына қарап-ақ олардың қайда тұрғысы келетінін, болашағын қай жерде елестететінін бағамдауға болатын секілді. Сіз бұған не дейсіз? Әйтеуір, үдере көшкен жұрт ел болашағына күмәнмен қараушылардың қатарын арттырмаса болғаны…