Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Сондықтан 20 қазаннан бастап карантин талабы "жасыл", "сары" аймақтарда жеңілдейді.
«Вакцинация паспорты, ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық, әлеуметтік нысандарға баруға рұқсат. Түнгі клубтарға тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады. Келушілерді 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан көп емес, «сары аймақта» – 70 адам, «қызыл аймақта» 50 адамнан аспауы тиіс», – деді Алексей Цой.
Ashyq бар нысандарда жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03:00-ге дейін, Ashyq-тың көшбасшылары таңғы сағат беске дейін, «сары аймақта» сағат 01:00-ге дейін, Ashyq-тың көшбасшылары сағат 03-00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.
Бұған дейін ревакцинация уақыты туралы жазған болатынбыз.