«Әлем чемпионаты-2021»: Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді
«Әлем чемпионаты-2021»: Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионын жеңді
244
оқылды
Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 51 келідегі Сәкен Бибосынов өзбекстандық Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, екінші раунд Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Хасанбойдың еншісіне кетті. Шешуші, үшінші раундты Сәкен алды. Төрешілер жеңісті Бибосыновқа берді. Осылайша, Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шықты. Сондай-ақ бүгін Нұрқанат Райс 75 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен жұдырықтасады.