Елорда әуежайында жолаушылар тасымалы тоқтап қалуы мүмкін
Елорда әуежайында жолаушылар тасымалы тоқтап қалуы мүмкін
335
оқылды
Әуе жанармайының тапшылығынан елорда әуежайының үздіксіз жұмысына нұқсан келуі мүмкін. Әуежайда жолаушылар тасымалы үшін де әуекеросинімен қамтамасыз ету мүшкіл болмақ.
Биылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда жанармай тапшылығына қатысты жағдай ушыға түсті. Қазақстанның ірі ресурс қорлары мен мердігерлер дер кезінде әуе жанармайымен қамтамасыз етпей отыр. Ол әуежайдың аймақтық көліктік байланыс ретіндегі қалыпты жұмысына едәуір әсер етеді. Қазіргі таңда Ресейдегі мердігерлер өздеріндегі  ішкі сұраныстың артуына байланысты Қазақстанға жеткізуден бас тартып отыр,- деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.
Қыркүйек пен қазан айларында тапшылық пен бағаның күрт өсуіне байланысты 14 мың тонна авиаотын жеткізілмеген.