Осы демалыс күндері, 30-31 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке жұмысын таңертең ерте бастады. Сағат 7:30-да алғашқы қала тұрғындары сауда жасап шықты. Ұсынылған ассортимент өте үлкен - 50-ден астам тауар бар.
«Ақмола облысының 200-ден астам тауар өндірушісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам азық-түлік түрін әкелді. 400 млн теңгеден астам сомаға 500 тоннадан астам азық-түлік өнімі жеткізілді. Бағалар алдын-ала келісілген және нарықтық бағадан 10-15%, тіпті 20%-ға арзан. Әкелінген өнімдердің ішінде 130 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 50 тоннадан астам сүт өнімдері, 8 тонна жаңа ауланған балық, 14 тонна ұн, 150 тоннадан астам картоп, 3 тоннадан астам кондитерлік өнімдер және т.б. Облыс өнімдерін өткізушілерге санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық тауарлар стандарттарға сай болуы керек, бәрі тексерілді. Сонымен қатар, жәрмеңкенің барлық қатысушылары – сатушылардан бастап әкімдік қызметкерлеріне дейін "Ashyq" арқылы тексеріледі», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.
Әдеттегідей Ақмола облысы тек азық-түлік әкеліп қана қоймай, әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жәрмеңке қонақтарын қазақтың ұлттық киіміндегі қуыршақтары бар инсталляция қарсы алады.
«Бүгін бізде Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен он үшінші ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткізілген жәрмеңкелерде барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік өнімі сатылды. Жәрмеңкенің бағасы 10-15%-ға, ал екінші күні нарықтық бағадан 20-25%-ға төмен. Жәрмеңкеге республиканың түрлі өңірлерінен 860-тан астам тауар өндіруші қатысты. Биыл қала басшылығының шешімімен әр жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен Нұр-Сұлтан базарларының өңірлерден өнім ассортиментін толықтыратын көтерме сатушылары қатысады. Әр жәрмеңкеге елорданың 100-120 өндірушісі қатысады«, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.
[caption id="attachment_168447" align="alignnone" width="1200"] Сурет: astana.gov.kz[/caption]
Оның айтуынша, ауа райы жағдайы жәрмеңкеге қатысуға кедергі жасамайды. Ауа райына қарамастан, қала тұрғындары азық-түлік сатып алу үшін белсенді түрде баруда. Өңірлер жәрмеңкесіне елорда халқының үштен бірі қатысады.
«Жәрмеңкелер – ең алдымен арзан әрі сапалы өнімдер, елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі. Жақын дүкендердегі жәрмеңкелер кезінде келушілер трафигі төмендейді, бұл талдауды көрсетеді. Жәрмеңкелер – қаладағы бағаны ұстап тұруға ықпал ететін негізгі тәсілдердің бірі», – деп атап өтті елорда әкімдігінің өкілі.
Бағаларға келетін болсақ, жылқы етінің килограмын 2200 теңгеге, сиыр етін – 2000 теңгеге, қой етін – 1900 теңгеге, үйректі – 2500 теңгеге, шұжықты – 1400 теңгеге, картопты – 140 теңгеге, сүтті – 230 теңгеге сатып алуға болады. Келушілерге, сондай-ақ, литріне 1000 теңгеден үй тосабы ұсынылады.
«Біз жәрмеңкеге ет алуға келдік. Бірақ етпен шектеліп қалмай балық, сүзбе және көкөністер сатып алдық. Биыл қысқа тосап дайындамаған едік, 5 литрлігін алдық. Енді қыста тосап қосылған шай ішіп, осы жәрмеңкені еске алатын боламыз", - дейді елорда тұрғыны Тамара.
[caption id="attachment_168448" align="alignnone" width="1200"] Сурет: astana.gov.kz[/caption]
Еркежан Ақатай анасымен бірге балық алуға келді. Астаналық тұрғынның айтуынша, бұл оның осы жылғы алғашқы жәрмеңкесі емес.
«Мен жәрмеңкелерді жақсы көремін, ұйымдастырушыларға азық-түлікті төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі үшін рахмет. Міне, балық сатып алдық, тазартылған балық пісіруге дайын боп тұр, бұл өте ыңғайлы. Сонымен қатар, кейбір дүкендердегідей бағалар жоғары емес", - деді ол.
Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.