Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Пенжім ауылында оқушылар арасындағы жаппай төбелестен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.
«2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Екінші, 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Екеуінің де жағдайы жақсарып келеді», – деді дәрігерлер.