Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкентте футбол турнирі басталды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бұқаралық спортты дамыту бағытына орай ұйымдастырылған шараға әуесқой спортшылар қатысып жатыр.
Қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, спорт жанашыры Байкен Әшірбаев ұйымдастырған турнирдің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Төлегенов және Еңбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Реметов қатысты. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Қоғамды алға жетелеуде және ұлттық стратегиялық мүдделерді көтеруде бұқаралық спорт маңызды орын алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды екенін, сондай-ақ спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керегін айтқан болатын. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамыту мәселесі айрықша көрсетілген. Биыл сайлауалды тұғырнаманың «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. Сондай-ақ бюджет есебінен 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шымкентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвесторлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.Д.АСАУ