Бір ай ішінде 700 азамат көмекке жүгінді
Бір ай ішінде 700 азамат көмекке жүгінді
345
оқылды

Алматылықтарды толғандырған мәселелер, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстары – мегаполистегі нұротандықтардың жұмысындағы басымдыққа ие бағыттарының бірі. Өтініштерді қарау және өтеусіз көмек көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Осы жылдың қазан айында «Nur Otan» партия­сының Алма­ты қалалық филиалының тоғыз қоғамдық қабылдауында 90-ға жуық қабылдау өткі­зіліп, бір айда өтініш берушілердің жалпы саны 700-дей адамды құрады. Олар­ды қарау нәти­жесі бойын­ша 266 өтініш оң шешімін тап­ты, 345-іне түсініктеме берілді, 67 өтініш орындалып жатыр. Аудан деңгейінде 113 өтініш берушіні қабыл­дап, аудан бас­шылары мен партия филиал­дары­ның штаттық қызметкер­лері үлкен жұмыс атқар­ды. Сон­дай-ақ жергілікті мемле­кет­тік органдардың басшылары 73 өті­ніш берушіні қабылдады. Бұ­дан ары Алматы қалалық мәс­лихатының нұротандық де­пу­тат­тары 61 өтініш берушінің мә­селелерін қара­ды. Естеріңізге салсақ, жақында қалалық филиал алаңында филиал төрағасы, Алматы әкімі Бақыт­жан Сағынтаев алматылықтармен кездесті. Соны­мен қатар осы айда филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отын­шиев екі рет қа­был­дау жүргізді. «Халыққа көмек» пар­тиялық жобасы аясында мегаполистің заң­гер­лері, медиаторлары мен адвокаттары 10-ға жуық азаматқа тегін консультативтік көмек көрсетті. Аумақ бойынша осы жылдың қазан айында өтініштің ең көп саны Алатау ауданының тұр­ғындарынан (30%) келіп түсті. Оң шешілген өтініш­тердің нәтижелері республикалық Aiqyn және «Литер» газеттерінде жарияланды, ал ақ­параттың басым бөлігі партияның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақ­шаларына орналастырылған. – Алматылықтардың партияға жүгінетін бар­лық мәселесі қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұ­мыс регламентіне қатаң сәйкестікте қаралады. Әр­бір өтініш мұқият зерттеліп, тиісті құрылым­дар­ға жіберіледі. Өйткені оларды одан ары шешу – сайлауалды уәделердің маңызды құрамдас бөлігі, – деп қорытындылады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Мейіржан Отыншиев.

А.ЖАСАН