Министр Қазақстанда 10 қаланың ауасы ластанғанын айтты
Министр Қазақстанда 10 қаланың ауасы ластанғанын айтты
Фото: isabellabistro.com
214
оқылды
Қазақстанда 45 өнеркәсіптік қала бар және оның 10-ында атмосфералық ауа ластанған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, ауаның ластануы, жерүсті сулары және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар  болып отыр. «Климаттың өзгеруі мен көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу мәселелерінің шешімін экологиялық проблемаларды шешу арқылы таба аламыз. Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар атмосфералық ауаның ластануы, жерүсті сулары және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы болып отыр», – деді министр. Ауасы ластанған қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. «Жерүсті суларының ластануының негізгі себебі – кәріздік-тазарту құрылыс жайларының тозуы болып отыр. Ал қалдықтармен жұмыс істеу саласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және стихиялық үйінділер проблемалары өзекті болып тұр», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.