«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында онлайн бейнероликтерді түсіру акциясы ұйымдастырылды. Бейнероликтің мазмұны ардагерлердің өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетістіктері және Елбасының мемлекет үшін еткен еңбегінің айқын көрінісіне арналған.
Негізгі міндеті – ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту, аға буынды құрметтеуді насихаттау және баға жетпес өмірлік және кәсіби тәжірибесін, адамгершілік құндылықтарын, тәуелсіздік жылдарындағы елдің дәстүрлері, тарихы мен жетістіктері туралы тәжірибесімен бөлісу. Онлайн акция 1 қазан – Қарттар күніне орай бастау алып, бір ай уақыт бойы жүргізіліп келді. Әлеуметтік желілерге республика көлемінде 1 700 ардагердің бейнеролигі жүктелді. Акция қорытындысы бойынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ең танымал бейнеролик кейіпкерлері арасынан 30 ардагерге 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табысталды. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2 ардагер жеңімпаз атанды: Абай ауданының тумасы, ҚР және КСРО Журналистер одағының мүшесі, партия ардагері – Совет Махметов және Аягөз ауданының тумасы, 1984 жылдан бері көлік жүргізушісі – Оразхан Манабаева. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «не болса да елмен бірге көремін, елмен бірге жүремін, елмен бірге қызмет істеймін» деген аталы сөзі менің жүрегімде жатталып қалыпты»,– дейді ардагер журналист Совет Махметов. Жыл көлемінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы «Jas Otan» Жастар қанатының назарынан тыс қалған емес. Партиялық жобаны ұйымдастыру мен өткізу алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.Би-Барыс КӨКШЕ