Алматыда миллионыншы тұрғын вакцина салдырды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің twitter парақшасында жазды.
Ол миллионыншы болып COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаған алматылық Самал Оқапованың бұл әрекеті өзгелерге үлгі деп атап өтті.
«Медициналық ақпарат жүйесінің мәліметінше, Самал Оқапова – Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан, ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина салдырды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық», – деп жазды қала басшысы өз парақшасында.