Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 25 адам коронавирустан, үш адам пневмониядан қайтыс болған.
7 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
7 401 пациент стационарда,
33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
558 адамның жағдайы ауыр,
142 пациенттің жағдайы өте ауыр,
115 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 7 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 403 514 адам, 2-компонентін 7 666 718 адам салдырған.