Елордада бала күтуші қожайынының 3,5 млн теңгесін ұрлаған
Елордада бала күтуші қожайынының 3,5 млн теңгесін ұрлаған
Dollars and tenge on the laptop. Money of Kazakhstan. Business.
203
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өз пәтерінен 3,5 млн теңге көлемінде қаражатының ұрланғанын айтып, қалалық полицияға арыз жазды, - деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі болғандай, пәтер иесі 35 жастағы бала күтушісінен күдіктеніп отыр. Оның сөзінше, тамыз айынан бері жұмыс істейтін әйел үйде ешкім болмаған сәтті пайдаланып, жатын бөлмедегі әмияннан ақшаны алған.
«Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасаған күдікті тұрғылықты жері бойынша ізін суытпай қолға түсірілді. Одан ұрланған қаражат табылып, тәркіленді. Әйел екі мың долларды теңгеге айырбастаған, бірақ оны пайдаланып үлгермепті, себебі оны жедел қызметкерлер ұстады», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Осыған сәйкес, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.