Жолдың қос қапталы жарқырай түспек
Жолдың қос қапталы жарқырай түспек
304
оқылды

«Nur Otan» партиясының Ақтау қа­лалық филиалы жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі қоғамдық кеңес оты­рысы өтті.

Отырысқа «Nur Otan» партиясы АҚФ жа­нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы кеңес төрайымы Нұрсұлу Сейдалиева, «Nur Otan» партиясы АҚФ СЖҚҚК төра­ға­сының орынбасары А.Телегенова, кеңес хат­шысы Мадияр Қалиасқаров, қалалық мәс­лихат депутаттары, СЖҚҚК мүшелері – Уайс Ерсайынұлы, Қанат Артықбай, ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Д.Исмайылов, Ақтау қалалық жолаушы­лар көлігі және автомобиль жолдары бө­лі­мінің басшысы Е.Сарыев қатысты. Күн тәртібінде Ақтау қаласы 29 «а» ша­ғынауданы №142-үй тұрғындарының 18.10.2021 жылғы өтініш хаты бойынша ша­ғынауданға қатынайтын тасжолға бай­ланысты мәселе қаралды. Ол бойынша ПБ  ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлім­шесінің бастығы, полиция майоры Д.Исмайылов баяндама жасады. №27 автожол мен 29 «а» Шығыс-1 ша­ғынауданы аралығындағы жол желісі 4 жо­лақты. Ал ҚР ҚНжЕ 1538-2007ж. 5.9 тар­мақшасында «Көлік жолдарындағы жә­не көшелердегі жасанды ойлы-қыр­лылық кедергілері. Оларды қолдану және техникалық талаптарына» сәйкес, екі жо­лақтан асатын тасжолдарда «жасанды ойлы-қырлылық» қондырғысы қолданыл­майтыны көрсетілген. Сонымен қатар кө­лік жүргізушілеріне тәуліктің қараңғы мезгілінде жаяу жүргіншілер өтпесіндегі жол белгілері мен жол таңбаларының кө­ріну мүмкіндігін арттыру үшін екі бағыт­тан жарықтандыру құралын орнату, жол белгілерін жаңарту мәселесі айтылды. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі жә­не автомобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Е.Сарыев жаяу жүргіншілер өтпе­сін­дегі жол белгілері мен жол таңбалары бойынша түсінік беріп өтті.  

Би-Барыс КӨКШЕ