Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан соң Ashyq-та «көк» мәртебесі адамдардың ойын-сауық орталығына кіруіне тыйым салынады, – деп жазады inform.kz.
Бұл туралы астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева айтты.
«Қазір Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Қаулы күшіне енген соң, астанада Ashyq жүйесінде «көк» мәртебеге ие адамдар ойын-сауық орталықтарына кіруіне тыйым салынады. Яғни жұмыс және демалыс күндері С ОО-ға тек қана «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар кіре алады», – деді Ақмарал Олжабаева.
Бұл шектеу тек қана ойын-сауық орталықтарына қатысты, яғни сауда үйі, сауда орталығы және базарларға қатысы жоқ.