Тоқаев: Қаржы институттарының алдында тұрған ортақ міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру
Тоқаев: Қаржы институттарының алдында тұрған ортақ міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру
Фото: yandex.kz
184
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресіне бейне үндеу жолдады, – деп жазады inform.kz.

Мемлекет басшысы пандемия қаржы саласына айтарлықтай кері әсер еткенін айтты.
«Былтыр жыл басында коронавирус пандемиясы мен оның салдары әлемдік экономиканы құлдырататынын болжаған адам аз. Одан кейінгі нарықтың құлдырауы – соңғы 100 жылдағы ең маңызды оқиға болды. Мемлекеттік және халықаралық институттар қабылдаған айрықша шаралар жалпы жағдайдың бұдан кейінгі нашарлауын тоқтатуға мүмкіндік берді. Алайда шикізат, сауда және қаржы саласындағы белгісіздік әлі де сақталуда», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қаржы саласын біртіндеп қайта дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.
«Мемлекет ең күрделі кезеңдерде отандық қаржы секторын әрдайым қолдап отырды. Осының арқасында бүгінде банктер айтарлықтай тұрақты және экономиканы кредиттеу үшін үлкен әлеуетке ие. Сондықтан олар экономиканы серпінді қалпына келтірудің және оны әртараптандырудың басты қозғалтқышы рөлін өз мойнына алуға міндетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының алдында тұрған ортақ міндет халықтың әл-ауқатын арттыру екенін айрықша атап өтті.