Тартысты жекпе-жек қорытындысында төрешілер Назымның басымдығын мойындап, оған 4:1 есебімен жеңіс берді.
Назым Қызайбай Әлем кубогында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды
250
оқылды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жек қорытындысында төрешілер Назымның басымдығын мойындап, оған 4:1 есебімен жеңіс берді.

Осылайша, Назым Қызайбай турнирдің алтын жүлдесін иеленсе, Сирин Шаараби күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары өткен әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанған. Ал Сирин Шаарабидің еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола медальдары бар.