Өскемен тұрғыны аю атып алып, табанын сатпақ болған
Өскемен тұрғыны аю атып алып, табанын сатпақ болған
336
оқылды

Биыл 6 қарашада рейдтік шаралар барысында полиция қызметкерлері Глубокое ауданындағы Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

   width= Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамағанын айтты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337 бабы заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

А.Әбіл,

Шығыс Қазақстан облысы