Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылдық округі Ажар елдімекенінде 16 қарашада 2009 жылы туған Дәулетбай Жанарыс Ғалымжанұлы сағат 09.00 шамасында ауылдың қойын жаюға шыққан.
Алдындағы 200 қоймен шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан Үшағаш жайылымына қарай бағыт алған. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, іздеуге кірісті. Ауыл тұрғындары, жасөспірімнің туған-туыстары, жедел құтқару қызметі, шекара қызметкерлері де іздеуге атсалысып жатыр. Автокөліктер мен арнайы техника жұмылдырылды.
«Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы – 140-150 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Үстінде қызыл түсті күртеше, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқкиім бар. Бала туралы бір ақпарат анықталса, Қызылорда облысы Полиция департаменті, Қазалы аудандық полиция бөліміне 102-ге, 8 (72438)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз» делінген департамент хабарламасында.