Сәкен Бибосынов жақында үйлену тойы болатынын айтты
Сәкен Бибосынов жақында үйлену тойы болатынын айтты
Фото: YouTube
239
оқылды
Токио Олимпиадасында қола, Белградтағы әлем чемпионатында алтын медаль алған Қазақстан боксшысы Сәкен Бибосынов жақында шаңырақ көтеретінін айтты. Олимпиада кезінде Үкімет тарапынан берілген қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған Сәкен Белградта алған сыйақысын ата-анасына үлкен үй салып беруге және үйлену тойына жұмсайтынын жеткізді. Былғары қолғап шеберінің сөзінше, той Шымкент қаласында, желтоқсан айында өтеді деп жоспарланып отыр, – деп жазады Express Qazaqstan. "Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса, мұқтаж жандарға көмектесуге дайынмын. Алдағы жоспарымның бірі – үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса. Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым – 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау", – дейді боксшы.