Жаңарған Түркістан: даму, өсу, өркендеу
Жаңарған Түркістан: даму, өсу, өркендеу
436
оқылды
2018 жылы 19 маусымда тәуелсіз еліміздің жылнамасына айтулы оқиға енгізілді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құрып, Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіту жөніндегі тарихи Жар­лыққа қол қойды. Түркістан өңірінің даму жоспары бекітілді. Қысқа ғана уақыт ішінде мемлекеттің, тұтас елдің қолдауымен Түркістан жаңара түсті. Осылайша, тарихи шаһар Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдық мерекесін толайым табыстармен, жан жадыратар жағымды жаңалықтармен қарсы алып отыр. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді дамытуға деген бастамалары мен тікелей қолдауы маңызды рөл атқарды. Өңірдің даму тұжырымдамасы «Nur Otan» партиясының «Өзге­ріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдар­ла­масымен үйлесім тапқанын айта кет­кен жөн. Осы бағдарламаны жү­зеге асыру бағытында Жол кар­тасы әзірленіп, өңірде нақты жұ­мыстар атқарылып жатыр. Жетекші партияның Түркістан облысы бо­йынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін 1 облыстық, 16 ау­дандық, қалалық Жол карталары бекітілген. Бүгінде Жол картала­рын­да жоспарланған 1,9 мың инди­катордың 51 пайызы (991 іс-шара) орындалды, 21 пайызы (538 іс-ша­ра) орындалу үстінде. Бұл мәселе тікелей бақылауға алынып, жұмыс барысы тұрақты түрде сараланып келеді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға тың тәсілдер енгізілді

«Nur Otan» партиясының сай­лау­алды бағдарламасында Түркістан облысында ауыл шаруашылығына қолдауды күшейтуге мән берілген. Себебі өңір үшін бұл саланың орны ерекше. Облыс халқының 80 па­йыз­ға жуығы ауылда тұрады. Мың­даған отбасы ауыл шаруашылығы арқылы өз-өздерін жұмыспен қам­тып, елдің дамуына үлес қосып келеді. Сайлауалды бағдарламадағы ин­дикаторларды орындау бары­сын­да 2021 жылдың 10 айында Түркістан облысында 805,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өн­ді­ріліп, өткен жылмен салыстырғанда 128,7 млрд теңгеге артты. 842,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Біз таптаурын тәсілдерден бас тартып, ғылымға негізделген жаңа жобаларға да басымдық беріп жа­тырмыз. Солардың бірі – егістікті әртараптандыру. Осы бастама нә­тижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 20 центнерге өсіп, өткен жылдан 500 мың тоннаға артты. 3,3 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсет­кішке қол жеткізілді. Жол картасында ауыспалы егіс­тің көлемін 179,9 мың гектарға арт­тырып, жылыжай алаңын 1 300 гек­тарға кеңейту көзделген бола­тын. Жұмыстар атқарылып, бағ­дар­лама 100 пайыз орындалды. Ауыс­палы егістің көлемі 179,9 мың гек­тарға жетіп, жаңадан 105,3 гек­тарға жылыжай салынып, жалпы алаңы 1 440 гектарға кеңейді. Рес­пуб­ли­кадағы жылыжайлардың 71 пайызы Түркістан өңірінде орналасқан. Бүгінде Түркістан қаласы айна­ласында азық-түлік белдеуін құру жобасы шеңберінде 11 мың гектар аумақта өнімділігі жоғары жаңбыр­латып суғару технологиясы ендірі­ліп жатыр. Өңірде 163 шағын ша­руа­шылықтардан тұратын 2 коопе­ратив құру есебінен 2 мың гектарға 47 бірлік жаңбырлатып суару қон­дырғылары орнатылды. «Бір алқап­тан жылына 2-3 өнім алу» жобасы аясында 8,9 мың га 2878 жоба іске асырылып, 280 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Республикада суармалы жер­лердің 3/1 бөлігі облысқа тиесілі (548,2 мың га). Суармалы жерді тиімді пайдалану мақсатында Түр­кістан облысын әлеуметтік-эконо­микалық дамытудың кешенді жос­пары аясында маңызды су нысан­дарының құрылыс-жөндеу жұмыс­тары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде «Түркістан магистралды ка­налын күрделі жөндеу» жобасы­ның маңызы зор. Бұрын ағын су 43 пайызға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінде 43 шақырым ка­налда бетондау жұмыстарының нә­тижесінде 22 млн текше метр су үнемделіп, 1,5 шақырым канал бо­йы абаттандырылды. Жоба толық іске асқанда 60 млн текше метр су үнемделеді. «Кеңсай - Қосқорған - 2» су қоймасы жобасы биыл пай­далануға беріледі. Ол арқылы 34 млн текше метр ағын су жеткізілмек. Жалпы, өңірді суландыру бағытын­да ауқымды жобалар жүзеге асырыла береді. Мал шаруашылығында мал ба­сы мен өнімділік 4-5 пайызға артып, 291,4 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өсім 103,5 пайызға жетті. Ет экс­порты бойынша облыс республикада 1-орында. Елімізде экспортқа шы­ға­рылатын ірі қара мал етінің 75 па­йызы, қой етінің 40 пайызы Түр­кістан облысына тиесілі. Биылдың өзінде 24 мың тонна ірі қара мал, 2,3 мың тонна қой еттері экспортталды. 4,1 млн тонна мал азығы жиналып, жос­пар 8 пайызға артығымен орын­далды. Егін жинау науқаны үшін және мал шаруашылығын дамытуға мем­лекет тарапынан қолдау көрсетілу­де. Биыл барлығы 32,2 млрд теңге субсидия берілді.

Инвестицияға тартымды, өнеркәсібі сан қырлы

Соңғы 3 жылда облыс экономи­касына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталып, 5 есеге өсті. Биыл 10 айда инвестиция кө­лемі 479 млрд теңге болды. Жыл соңына дайын 800 млрд теңгеге жетеді деген жоспар бар. Облыста инвестиция көлемі 259,1 млрд теңге болатын 69 инвес­тициялық жобаны жүзеге асыру жос­парлануда (3 300 жұмыс орны). «Nur Otan» партиясының сай­лау­алды бағдарламасында бес жылда 58 серпінді жобаны жүзеге асыру мін­деті енгізілген. Жыл басынан бері 165,9 млрд теңгеге 26 жоба іске қо­сылып, 1 536 жұмыс орны ашылды. Инвесторларға «бір терезе» қа­ғи­даты бойынша қызмет көрсететін TURKISTAN INVEST ЖШС-да фронт кеңсе үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Елбасының Жарлығына сәйкес жалпы ауданы 3 987,3 га 6 қосалқы аймақтан тұратын Turkistan арнайы экономикалық аймағы құрылды. Мұның бәрі Түркістанның өнді­рістік әлеуетін, өнеркәсібін жан­дандыратыны анық. Облыста өнеркәсіп өнім көлемі 530 млрд теңгеге жетіп, өткен жыл­дың тиісті кезеңінен арта түсті. Биыл 8 инвестициялық жобаны жү­зеге асыру жоспарланған. Оған 18,3 млрд теңге инвестиция тарты­лып, 587 жаңа жұмыс орны құрыла­ды деп межеленген. Бүгінде 3 жоба қосылып, 124 жұмыс орны ашылды. 3,6 млрд теңге инвестиция тарты­лып, BOKEI ЖШС жұмысын бастады. «CaPable Group мүгедектер қоғамы» жобасы да жүзеге асыры­лып, 60 адам жұмыспен қамтылды. Өңірдің индустриялдық әлеуетін жақсарту мақсатында 698,2 га ау­мақта 9 индустриалдық аймақ құ­рылған, оның ішінде 7 аймаққа инфрақұрылым тартылған. Индус­триалдық аймақтарда 30 жоба іске қосылып, 750 жұмыс орны ашылды, инвестиция көлемі – 25,3 млрд тең­ге. Биыл 632 жұмыс орнымен 8 жо­баны іске асыру жоспарланса, бү­гінгі таңда 5-еуі іске қосылды. Атап айтсақ, киім тігумен айналысатын Turkistan textile ЖШС-не 426 млн инвестиция тартылып, 600 жұмыс орны құрылды. Газбетон блоктарын шығаратын EKP-GROUP 878 кәсіпорнына 1 млрд теңге тартылып, 16 жұмыс орны ашылды. «Алексан­дровский сад» ЖШС-ның жеміс-жидек сақтау қоймасы да ашылып, 100 адамды жұмыспен қамтуға мүм­кіндік туды. Сылаққа арналған тор өндіретін «Таженов Е.Е» кәсіпорны, суық және ыстық асфальт шыға­ратын «Бесқасқа» ЖШС өнді­ріске қосылды. Өзге де жаңа кәсіпорындарға тоқ­талсақ, Келес ауданында «ТМстрой 21» 30 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге Қазығұрт ауданында минералды су шыға­ра­тын «Асыл бастау.kz» ЖШС, Сайрам ауданында тәулігіне 50 тонна құрғақ сүт өнді­ретін AYKAN зауыты, Шар­дарада күрішті өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. Жалпы аудан, қала­ларда шағын кәсіпорындар көбейіп келеді. Алдағы уақытта аса маңызды әрі ірі жобаларды іске асыру жоспар­лануда. Ордабасы ауданында «Мұ­най өңдеу зауыты». Салынып жатыр. Жоба құны – 130 млрд теңге. Ол іске қосылған соң 650 адам жұ­мыспен қамтылады. Түлкібас ауда­нындағы «Састөбе химиялық ке­ше­ні» жобасының құны – 136,6 млрд теңге. 2023 жылға қарай ашылатын зауытта 500 жұмыс орны құрылады. Түркістан қаласында «Тұрмыстық техника шығаратын зауыт» жобасы іске асырылады. 2 200 жұмыс орны ашылады. Созақ ауданында құны 129,9 млрд теңгелік «Фосфорит өң­деу зауыты» жобасы іске асырылып, 1 000 жаңа жұмыс орны құрылады. Осы және өзге жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қол­дау, қажетті инфрақұрылым тар­тылатын болады. Бұл ілкімді істің бәрі Жол карталарындағы міндет­терді орындау барысында жүзеге асырылып жатыр. Түркістан – шағын және орта кәсіп­керлікті жүргізу үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан өңір. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп келеді. Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 144 мыңға жетіп, соңғы 3 жыл­да 17 мыңға артты. Өндірілген өнім 1,6 есеге ұлғайып, 399,2 млрд теңгеге жетті. Бұл саладағы өсім бойынша өңір республикада көш бастап тұр. Шағын және орта бизнестің эконо­микадағы үлесі 22,1% болды. «Қарапайым заттар эконо­мика­сы» бойынша бүгінде 41,4 млрд тең­геге 308 жоба мақұлданды. Жо­ба­лар саны бойынша облысымыз республикада көш басында. «Биз­нестің Жол картасы-2025» бағдар­ламасы аясында қаржыландыру көлемі 2,8 есеге артып, 11 млрд тең­геге жетті. Бағдарлама шеңбе­рінде 2 035 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Қолдау алған кәсіпкер­лер­дің саны өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 6,3 есеге артты.

10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

«Nur Otan» партиясының Түр­кістан облысы бойынша Жол кар­тасында 2025 жылға дейін 1,3 млн шаршы метр үй салу жоспарланған. «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына үлкен қарқын берді. Биыл 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс 2,2%-ға ұлғайды. Бағдарлама аясында барлық қаржы көздері есебінен 232 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Нақты айтсақ, 853,4 мың шаршы метр болатын 12 727 пәтер салынуда. 2021 жылы бюджет есебінен 42 тұр­ғын үй құрылысын тапсыру жос­пар­лануда (2 645 пәтер, 161,1 мың шар­шы метр). Нәтижесінде, 549 көп­балалы аз қамтамасыз етіл­ген және әлеуметтік осал отбасылар баспа­намен қамтылады. 2 096 отбасы жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Елбасының Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыру жөніндегі тапсырмасы тарихи ша­һарды жаңа белеске көтерді. Осыған орай қаланың құрылысына инвес­тиция салуға ниеттілер көбейді. Тұр­ғын үй құрылысын жүргізуге көп­теген компаниялар мен мерді­герлер қызығушылық танытып, 2019-2020 жылдары инвесторлар қаражаты есебінен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгеге жететін 21 көпқа­батты үй пайдалануға тапсырылған. Нәтижесінде 40,9 мың шаршы метр болатын 711 пәтер бой көтерген. Осы жылдың өзінде инвесторлар қаражаты есебінен 65 көпқабатты тұрғын үй (3 373 пәтер, 227,1 мың шар­шы метр) мен 4 коттеджді қала­шықтар (39,7 мың шаршы метр) құ­рылысы басталып, жұмыс қарқы­ны арта түсті. Биыл осы салаға ба­ғытталатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 27 млрд теңгеге жетпек. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары жоғары қарқынмен жалғасатын болады.

Ауқатты ауылдар – ел қуатының белгісі

«Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасындағы «Ау­қат­ты ауылдар» деген арнайы ба­ғыты ауыл-аймақтың инфра­құ­ры­лымын, әлеуетін көтеруді көз­дейді және ел азаматтарына үлкен міндет жүктеді. Бұл бағытта тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Жол картасында 2025 жылға дейін облысты сапалы ауызсумен 100 пайыз қамту жоспарланған. Жолдарды жөндеу, елді мекендерді газдандыру, сапалы электрмен қам­ту, жалпы ауылдың ифрақұрылымын жақсарту мәселелері де екшеліп, жоспарға енгізілген. 2021 жылдың 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша облыста 697 елді ме­кені (7 қала, 690 ауыл) орталық­тан­дырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде қамту деңгейі қалаларда – 98,9 пайыз (413,2 мың адам), ал ауылдық елді мекендер 92,1 пайыз (1 497,7 мың адам). Бүгінде облыста ауызсумен қам­ту бойынша 60 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған 12,7 млрд теңге қаралған. 30 нысан биыл пай­далануға беріліп, 20 елді мекен жаңа ауызсу жүйелерімен қамтылады, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Нәтижесінде, орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген елді мекендердің жалпы саны 717-ге же­теді. Осы арқылы таза сумен қам­ту деңгейі қалаларда – 99,4 пайызға (415,1 мың адам), ауылдық елді мекендерде 93,3 пайызға жететін болады. Алдағы 5 жылда 144 елді мекенді орталықтандырылған ауыз­сумен қамтамасыз ету, 209 елді ме­кендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартып, 100 пайызға жет­кізу жоспарланып отыр. Табиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 89 нысанның (83 елді мекен) құрылысына бюджеттен 14,4 млрд теңге бөлінді. Биыл 24 нысан­ның құрылысы аяқталады. (25 елді мекен, 65 683 адам). Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 448-ге жетіп, қамту деңгейі 53,2 пайызды құрайды (1340 мың адам). Алдағы 5 жылда қосымша 299 елді мекенге табиғи газ беріліп, қамту деңгейі 85,6 пайызға жеткізіледі. Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында қуаты 215,1 МВт болатын 19 жоба іске асырылды. 6 шағын су электр стан­сасы, 13 күн электр стансасы салын­ды. 2021 электрмен жабдықтауға арналған 54 нысанның құрылысына қаржы қаралды. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі.

Білімді әрі денсаулығы мықты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Түркістан облысында білім са­ла­сына баса мән беріліп отыр. Жол картасына сәйкес 2021 жылы 78 білім нысанының құрылыс жұ­мыстарын жүргізуге 18,9 млрд теңге қаржы қаралды. Жыл соңына дейін 47 білім ұя­сын пайдалануға тапсыру жоспар­ланса, қазір 22-сі тапсырылып үлгерді. Нәтижесінде, 21 ауыл мен 1 қалалық елді мекеннің мектеп мәселесі шешілді. Тұрғындар Жол картасының игілігін көріп отыр. Биыл жеке инвесторлар есебінен жекеменшік 21 мектеп беріліп, 6 250 оқушы біліммен қамтылды. Тереңдетілген бағытта білім жүйесін дамыту мақсатында Мем­лекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен 4 Binom School мектебі салынады. Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталды. «Дарын» мектеп-интернатының 700 орынға айналған оқу корпусы, 500 орындық жатақханасының құрылы­сы жүргізіліп жатыр. Коронавирус пандемиясы ден­саулық сақтау саласына ауыр жүк артты. Ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаевтың тапсырмасына сәй­кес өңірімізде медицинаға баса кө­ңіл бөлініп, тиісті қолдау көрсе­тіліп жатыр. Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері COVID-19 індеті­мен тіркелген жағдайлар саны 15 472 мыңнан асты. 15 мыңнан астам адам жазылып шықты. Облыс бойынша 930 инфекциялық және 300 карантиндік және 92 реанима­циялық төсек-орын ұйымдасты­рыл­ған. 2021 жылдың қаңтар-қыр­күйек айларында коронавирус індетімен күреске тартылған 48 949 медициналық қызметкерге жұмыс уақытын есепке алу деректерінің негізінде 10,8 млрд теңге қаржылай үстемақы төленді. Түркістан облы­сында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін қабылдаған тұрғындар саны 1 мил­лионнан асты. Жедел жәрдем қызметі 122 авто­көлікпен қамтамасыз етіліп, авто­парк 96%-ға жаңарды. Жол картасы шеңберінде Түркістан қаласында қуаты 200 төсек-орынға арналған аурухана пайдалануға тапсырылды. Даңқты спортшылар шыққан Түркістан өңірінің спорттағы әле­уеті де жоғары. Біз ауыл спортын қол­дау арқылы болашақ чемпион­дарды баптап шығарамыз. Ал ол үшін алдымен инфрақұрылым, бапкерлер тарапынан шынайы еңбек қажет. Жуырда Түркістанда Olympic Center спорт кешені ашылды. Мұн­да бірнеше спорт түрін дамытуға мүмкіндік бар. Былтыр «Түркістан Арена» стадионы мен өзге де ны­сандар ашылған болатын. Өңірде спортқа көрсетілген қол­дау нәтижесінде 58 спорт түрі бо­йын­ша (27 олимпиадалық) Қа­зақ­стан, Азия және Әлем чемпио­нат­тарында түркістандықтар жалпы 425 алтын, 234 күміс, 278 қола ме­дальға ие болды. Токиода өткен Жазғы олим­пиадаға облысымыздан 4 спорт­шы қатысып, 1 спортшы қола жүл­дегер атанды. Жапония елінде жасындай жарқыраған Сәкен Би­босынов бауырымыз Белградта да сенімді ақтап, әлем чемпионы атанды. Бұқаралық спортты кеңінен дамыту мақсатында Түркістан қа­ласында мұз айдыны, теннис орта­лығы, Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінің, ескек есу кана­лының құрылысы басталды. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен футбол академиясы, ат спорт кешені салынатын болады.

Түркістан Еуразияның жауһарына айналатын күн жақын

2018 жылдан бері Түркістан қа­ласын түркі әлемінің рухани-мә­дени орталығы ретінде дамыту жұ­мыстары атқарылып жатыр. Арнайы кешенді жоспар әзірленіп, Үкімет­пен бекітілді. Соңғы 3 жылда атқарылған ау­қымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың 1-ке­зеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі жос­парлар «Nur Otan» партиясының Жол картасымен негізделіп, нақты индикаторлар бекітілді. Үш жылда жалпы 445 млрд тең­геге жаңа 251 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 230 млрд теңгесі жеке инвестициялар екенін айта кеткен жөн. Жаңадан халық­ара­лық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Мәдени-рухани орталықтары салынып, Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды. Арнайы эконо­микалық және индустриалды ай­мақтар құрылды. Түркістан қаласы толық газдандырылып, 13 мың гек­тарға жасыл белдеу құрылды, 3,5 млн ағаш отырғызылды. Түркістанға келуші туристер саны артты. Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі басталып кетті. Бұл ретте мемлекет басшылығының, ел үкіметінің, барлық өңір әкімдік­терінің қасиетті шаһарға деген ерек­ше қолдауын айта кетуді азаматтық парызым деп санаймын. Бір үйдің баласындай әрекет етудің нәти­же­сінде қала адам танымастай өзгерді. Биыл Түркістанда Hampton by Hilton, Ramada Plaza, «Яссы» қонақ үйлері, «Керуен Сарай» шығыс базары жұмысын бастады. «Әзірет Сұлтан» әуежайының ұшу картасы кеңейіп, 15 бағыт бойынша рейстер ашылды. Оның 3-еуі халықаралық, 12-і ішкі рейстер. Осы бастамалар арқылы Түркістанға 9 айда 1 124 503 зияратшылар мен туристер келген. Түркістан қаласында драма театр, «Ұлы Дала елі» орталығы, об­лыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханасы елге қызмет ете бастады. Түркістанның тарихы мен оның даму деңгейі туралы ұзақ толғауға бо­лады. Біз негізгі индикаторларға тоқталдық. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан өңірін да­мытуды бақылауда ұстап, ұлы ша­һарға деген азаматтық қолдауын көрсетіп келеді. «Алдыңғы жылдары Түркіс­тан­ның 1 500 жылдығын атап өткенде осы Түркістанды бір көтерсек деп армандап едім. Қазақстанды ны­ғай­ту, дүниежүзіне таныту керек деп шапқылап жүрдік. Енді уақыт келді, 2018 жылдың маусым айында Шым­кент қаласын миллион тұрғыны бар деп бөліп, Жарлыққа қол қойдым. Қазақстандағы ауқатты жігіттерді жинадым, мемлекетке, әкімдікке тап­сырма бердім. Бірінші бағдар­лама жасадық. Соның арқасында 2019-2020 жылдардың ішінде 250-ден астам ғимарат салынды. Бұл біз үшін елдің астанасын салумен бір­дей керемет дүние», – деді Елбасы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркіс­тан – сан ғасырлық адамзат шежі­ре­сінің куәгері және өркениет жау­һары» дей келе, шаһарды дамыту бағытындағы жұмыс қарқынын тө­мендетпеу жөнінде тапсырма берді. Мақсат – айқын. Ол – Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айнал­дыру. Бұл арман жүзеге асып, Түр­кіс­тан Еуразияның жауһарына ай­налады деген сеніміміз мол.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысының әкімі