Ақмолада экскаватор шөмішінің астына түскен жұмысшы мерт болды
Ақмолада экскаватор шөмішінің астына түскен жұмысшы мерт болды
Сурет: depositphotos.com
267
оқылды

Ақмола облысының Ақкөл ауданында жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалып мерт болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Қайғылы оқиға жайлы Ақкөл аудандық полициясының кезекші бөлімшесіне аудандық аурухананың жедел жәрдем дәрігері хабарлаған. Өкінішке орай жұмысшы ауруханаға жетпей жол үстінде көз жұмған.
«Қайғылы жағдай жөндеу жұмыстарын жасау кезінде болған. 52 жастағы жұмысшы жекеменшік кәсіпорынның экскаваторы шөмішінің астында қалған. Көптеген ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-тармағы «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.