Түркістан облысында өзеннен нәрестенің мәйіті табылды
Түркістан облысында өзеннен нәрестенің мәйіті табылды
Сурет: Irina_kukuts
249
оқылды

Түркістан облысында өзеннен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, - деп хабарлады Otyrar.kz

16 қарашада Сайрам аудандық полиция департаментіне тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция дереу сол жерге жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде нәрестені суға тастаған күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.